2015 жылғы 27 ақпан, Астана қаласы
Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргiзу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргiзу қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттiк орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргiзу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы С.ОМАРОВ
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы Ұлтық экономика министрі ______________ Е Досаев
2015 жылғы 16 мамыр
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі ____________ В.Школьник
2015 жылғы 30 наурыз
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы
2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/163 бұйрығына 1-қосымша
Орман қорын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргiзу қағидалары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізу тәртiбiн айқындайды (бұдан әрі – Қағидалар).
2. Орман қорын мемлекеттік есепке алу (бұдан әрi – есепке алу) орман қорын күзетуді, қорғауды, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудi, орман пайдалануды, орман қорының сандық және сапалық өзгерiстерiне жүйелi түрде бақылау жасауды ұйымдастыру және мемлекеттiк органдарды, мүдделi жеке және заңды тұлғаларды орман қоры туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн жүргiзiледi.
Ерекше қорғалатын орманды аумақтар мемлекеттік орман қоры құрамында жеке бөлінеді және ескеріледі.
Мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің және мемлекеттік табиғи резерваттардың шекараларында орналасқан мемлекеттік табиғат ескерткіштері солардың құрамында ескеріледі.
3. Орман қорының ескерiлетiн көрсеткiштерiне байланысты есебін жүргізу жыл сайынғы және кезеңдiк есебін жүргізу болып бөлiнедi, олар есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша «Орман қоры мемлекеттік есебінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 630 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6609 нөмірімен тіркелген) нысандар (бұдан әрі – Есебін жүргізу материалдары) бойынша жүргiзiледi.
4. Жыл сайынғы есебін жүргізу кезiнде жекеше орман иеленушiлер бойынша жекеше орман қорының алаңдары және мемлекеттiк орман иеленушiлер бойынша мемлекеттiк орман қоры алқаптарының алаңдары, сондай-ақ оларды аудандар, қалалар, облыстар және республика бойынша санаттар мен алқаптарға бөлінетіні ескерiледi.
5. Кезеңдiк есебін жүргізу бес жылда бiр рет жүргiзiледi. Кезеңдiк есебін жүргізу кезiнде басым ағаш және бұта тұқымдылары мен жас топтары бойынша орман көмкерген алқаптар мен қорларды бөлу,сондай-ақ орман шаруашылығын жүргiзу және орман иеленушiлер мен орман пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн бағалау үшiн қажет орман қорының қорғалу және экономикалық сипаттамалары туралы осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген жыл сайынғы есептiң деректерiне қосымша деректер ескерiледi.
6. Орман қорының алаңы 0,05 гектардан асатын (дөңгелектеп алғанда 0,1 гектарға дейiн) барлық учаскелерi есепке алынуға жатады. Мәлiметтердің Есебін жүргізу материалдарында тұтас гектарлар күйiнде келтiрiледi.
7. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) орман қорын қорғау, күзету, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласында басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы);
2) мемлекеттік орман орналастыру ұйымы – уәкілетті органның қарауындағы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оның қызметі орман ресурстарының есебін, орман қорын аумақтық орналастыруды, ормандардың мемлекеттік мониторингін, орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалануды жоспарлауды қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізу тәртібі
8. Мемлекеттiк орман қорында есепке алынуға мыналар:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiндегi табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда);
2) мемлекеттiк орман қоры жерлерiндегi орман шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн берiлген табиғи және қолдан өсiрілген ормандар, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген жер учаскелерi;
3) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулерiндегi енi он метр және одан кеңiрек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштық екпелер жатады.
9. Жекеше орман қорының құрамында есепке алуға:
1) қолдан өсірілген екпелер;
2) тұқымнан және (немесе) өсу жолымен пайда болған табиғи өсіп-өнген екпелер;
3) жекеше орман питомниктері;
4) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер;
5) агроорман-мелиоративтік екпелер;
6) жеке меншіктің қарауындағы шаруашылық мақсаттағы автомобиль жолдарының бөлiп берiлген белдеулерiндегi қорғаныштық екпелер жатады.
10. Есепке алуды жүргізу материалдарына өзгерiстер енгiзуді орман орналастыру материалдарына сәйкес мемлекеттік орман иеленушілер жүргізеді, оларға жыл сайын мына құжаттардың негізінде өзгерістер енгізіледі:
1) ағаш кесілген жерлерді куәландыру актісі, орман өрті туралы хаттама, орман дақылдарын техникалық қабылдау актісі, есепке алынған орман дақылдарының жиынтық ведомостары;
2) мемлекеттiк органдардың:
жер учаскелерiн орман қорының жерлері және (немесе) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi санатына қосу;
мемлекеттік орман қорының жерлерін алу;
мемлекеттiк орман қорын санаттарға жатқызу, бiр санаттан басқасына ауыстыру, сондай-ақ ерекше қорғалатын учаскелерді бөлiп алу;
мемлекеттiк орман қорында ормансыз жерлерді орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты мақсаттарда пайдалану үшiн оларды орманды жерлерге ауыстыру;
мемлекеттiк орман қорындағы ормансыз жерлердi орманды жерлерге ауыстыру;
мемлекеттiк орман қорының жерлерiн орман шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттар жерiне ауыстыру және (немесе) мемлекеттiк орман қорының жерлерiн мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн алу жөнiндегi шешiмдерi.
11. Есепке алуды жүргізуді мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүзеге асырады.
12. Толтырылған есепке алу материалдары есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін жергiлiктi атқарушы органдардың аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімдерінде салыстырылып, уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне электрондық және қағаз тасығыштарда беріледі:
1) орман шаруашылығымен айналысатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері мен өзге мемлекеттік органдар – өздерінің қарауындағы мемлекеттік орман иеленушілер бойынша;
2) уәкiлеттi органның қарауындағы мемлекеттiк орман иеленушілер;
3) жекеше орман иеленушiлер бередi.
13. Уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі -Аумақтық бөлімшелер) берiлген Есепке алу материалдарын тексереді, оларды өңдейдi, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органында салыстыру жүргізеді, оларды есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына мемлекеттік орман орналастыру ұйымына жiбередi.
14. Мемлекеттік орман орналастыру ұйымы Есепке алу материалдарын есептік жылдан кейінгі жылдың 10 ақпанына дейін тексереді. Дәлсiздiктер байқалған және (немесе) толық көлемінде берілмеген жағдайларда Есепке алу материалдары пысықтауға қайтарылады. Пысықталған есепке материалдары есептік жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанына дейін мемлекеттік орман орналастыру ұйымына қайта жіберіледі.
15. Мемлекеттік орман орналастыру ұйымы Есебін жүргізу материалдарының деректерін аудандар, қалалар, облыстар және жалпы республика бойынша өңдеп, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 наурызына түсіндірме жазбахатпен уәкілетті органның ведомствосына қарауға және бекітуге электрондық түрде, сондай-ақ қағаз тасығыштарда жолдайды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-02/163 бұйрығына 2-қосымша
Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің (бұдан әрi – Орман кодексі) 13-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттік орман кадастрын жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік орман кадастры Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттiк кадастрлары бiрыңғай жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және оны мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргiзедi.
3. Мемлекеттiк орман кадастры мемлекеттік жер кадастрымен өзара байланысты. Мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу үшiн қажетті орман қорының жер учаскелерi туралы мәлiметтер мемлекеттік жер кадастрынан алынады.
2. Мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу тәртiбi
4. Мыналар мемлекеттік орман кадастрының құжаттамасы:
1) мемлекеттік орман кадастры осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізілетін мемлекеттік орман қорының орман кадастры кітабы;
2) орман иеленушінің шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша есептік кезеңдегі мемлекеттік орман қорының құрамындағы өзгерістер туралы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жыл сайын беріліп тұратын мемлекеттік орман кадастрын жүргізу үшін қажет мәліметтер;
3) «Орман қоры мемлекеттік есебінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 630 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6609 нөмірімен тіркелген) орман қорының мемлекеттік есебін жүргізу нысандары (бұдан әрі – Есепке алу материалдары) болып табылады.
5. Мемлекеттік орман иеленушілер және орман пайдаланушылар жыл сайын ақпарат жинаудың, өңдеудің және сақтаудың электрондық жүйелерін, сондай-ақ қағаз тасығыштарды пайдаланып:
1) есептi жылдан кейiнгі 1 қаңтардағы жағдай бойынша орман қорының ағымдағы өзгерiстері мен жай-күйi туралы мәлiметтердi мемлекеттік орман кадастрының құжаттамасына енгізедi;
2) есептi жылдан кейiнгі жылдың 20 ақпанына дейiн ведомстволық тиесілігі бойынша орман қорында болған өзгерiстер туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – Аумақтық бөлімшелер) және орман шаруашылығымен айналысатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелеріне (бұдан әрі – Құрылымдық бөлімшелер) бередi.
6. Аумақтық бөлімшелер мен Құрылымдық бөлімшелер жыл сайын электрондық жинау жүйелерін, сондай-ақ қағаз тасығыштарды пайдаланып, есептi жылдан кейiнгі жылдың 10 сәуірдегі дейiнгі мерзімде, түсіндірме жазбалары бар облыс бойынша жиынтық есептерді мемлекеттік орман орналастыру ұйымына жібереді.
7. Мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жыл сайын, 1 маусымға дейін түсіндірме жазбахаттары бар облыс бойынша және республика бойынша жиынтық есептерді электрондық және қағаз тасығыштарда орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосына, Аумақтық бөлімшелерге және Құрылымдық бөлімшелерге жібереді.
8. Мемлекеттiк орман кадастрын жүргізу шеңберiнде алынған нәтижелер Қазақстан Республикасы табиғи ресурстар мемлекеттік кадастрларының бiрыңғай жүйесiне берiледi.
Мемлекеттік орман қоры кадастрын жүргізу қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Министрлік, ведомство ______________________________________________________________________
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орман шаруашылығымен айналысатын
жергілікті атқарушы органы _______________________________________________________________________
Орман иеленуші ______________________________________________________
Пошталық мекенжайы _______________________________________________
Кадастрлық нөмірі __________________________________________________
Мемлекеттік орман қорының орман кадастрлық кітабы
Басталды: 20____ жылғы 01.01. жағдайы бойынша
Аяқталды: 20____жылғы 01.01. жағдайы бойынша
___________ парақ
Тұрақты сақталады
1-бөлім. Орман иелену және орман пайдалану құқығы
Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган берген тұрақты жер пайдалану құқығына арналған акт, белгіленген тәртіппен бекітілген орман иеленушінің ережесі (жарғысы), орман иелігінің орналасу карта-схемасы, орман иелігінің құрылымы, бөлімде қоса беріліп отырған 1 және 2-кестелерге сәйкес орман иеленушінің орман шаруашылығы қызметінің есептік деректері енгізіледі.
1-кесте
Орман иелену құрылымы
№ Орманшылық-тардың атауы Әкімшілік аудан Ауданы, гектар Орманшылық-тар мен орман иеленуші кеңселерінің орналасқан жері
жалпы оның ішінде ұзақ мерзімді пайдалануда
1 2 3 4 5 6
2-кесте
Орман иеленушінің орман шаруашылығы қызметі туралы есептік мәліметтер
Көрсеткіштердің атаулары, өлшем бірлігі Есепке алу жылдары
2015 2016
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Өндірілген өнімнің және көрсетілген қызметтің жалпы көлемі, мың теңге
оның ішінде негізгі қызмет бойынша, мың теңге
Тізім бойынша қызметкерлер саны, адам
оның ішінде орман шаруашылығының білікті қызметкерлері, адам
Екпе орман жұмыстары:
ағаш отырғызу, гектар
тұқымбақтарда себу, гектар
ағаш тұқымдарын дайындау, килограмм
Нақты ағаш кесу:
басты мақсатта пайдалану бойынша,
гектар/мың текше метр
аралық мақсатта пайдалану бойынша,
гектар/мың метр куб
басқа мақсаттарда кесу бойынша,
гектар/мың текше метр
Жанама орман пайдалану:
шөп шабу, гектар
мал жаю, гектар
ауылшаруашылық пайдалану, гектар
2-бөлім. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін орман иелену құқығымен беру,
сондай-ақ жерлерді қабылдау және беру
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін орман иелену құқығымен берудің құқықтық негіздері, сондай-ақ мемлекеттік орман қорының құрамынан жер қабылдау және беру енгізіледі, мұнда соңғы орман орналастырудан кейін немесе құрылған жылынан бастап (орман орналастыру жобасы болмаса) қоса беріліп отырған бөлімдегі деректерді кестеге енгізу жылына дейін орман қорының алқабында болған өзгерістер көрсетіледі. Орман қорының құрамына қабылдауға немесе беруге негіз болған құқықтық құжаттар көрсетіледі.
Соңғы орман орналастыру жылы __________________________________
Жазыл
ған күні Мемлекеттік орман қоры алқаптарындағы өзгеріс терге негіз болған құжаттың атауы, күні, нөмірі және қысқаша мазмұны Жер берілген немесе қабылданған жер пайдалану-шының атауы Алқабы , гектар
қабыл
данды берілді
1 2 3 4 5
1. Соңғы орман орналастыру жылындағы мәліметтер
2. Орман қорындағы алқаптардың өзгеруі
Ескертпе: мәліметтерде негіз етіп соңғы орман орналастырудың деректері бойынша немесе орман иеленушінің құрылған күнінен бастап (орман орналастыру жобасы болмаса) мемлекеттік орман қорының алқабы алынады.
3-бөлім. Орман қорын мемлекеттік орман қорының санаттары және алқаптар
бойынша бөлу және бағалау
Бөлімде қоса беріліп отырған кестеге сәйкес жыл сайынғы және кезеңдік орман қорын мемлекеттік есепке алудан алынған жер санаттары алқаптарының деректері және мемлекеттік орман қоры санаттарының (бұдан әрі - МОҚ санаттары) шегінде олардың экономикалық бағасы енгізіледі. Әрбір МОҚ санаты үшін жеке кесте жасалады.
МОҚ санаты _________________________________________________________
алымы – аудан, мың гектар
бөлімі – бағасы, мың теңге
Өзгерістер енгізілген күн Орманды алқаптар
орманмен көмкеріл
ген арнайы мақсаттағы плантациялар, орман тұқымбақтары жинақталма
ған орман екпелері орманмен көмкеріл
меген орманды алқаптар жиыны
1 2 3 4 5 6
01.01.2014
01.01.2015
2014 жылғы өзгерістер
01.01.2015
2015 жылғы өзгерістер және сол сияқты
кестенің жалғасы
Ормансыз алқаптар орманды және ормансыз алқаптар, барлығы
егістіктер тыңайған
жерлер шабын-дықтар жайы-лымдар жолдар, орам соқпақтары усадь- балар су бат
пақ мұз
дық
тар құмдар және басқа да алқаптар ормансыз алқаптар, жиыны
7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
Ескертпе : алымына – жыл сайынғы және кезеңдік орман қорын мемлекеттік есепке алудан алынған орман қоры санаттарының алқабы, бөлімінде – есептелген ақшалай бағасы енгізіледі.
4-бөлім. Басым тұқымдылар мен жас топтары бойынша орман көмкерген
алқаптарды бөлу және бағалау
Бөлімде қоса беріліп отырған кестеге сәйкес алқаптар мен қор деректері, сондай-ақ басым тұқымдылар мен жас топтары бойынша орман көмкерген жерлердің бағалау құны енгізіледі. Әрбір негізгі орман құраушы тұқымды үшін жеке кесте жасалады. Өзге ағаш тұқымдылары мен бұталар бойынша деректер алқабы мен бағалау құны бойынша ғана жиынтық күйінде келтіріледі. Мәліметтер есепке алу аралығындағы кезеңде болған өзгерістерді ескере отырып орман қорын мемлекеттік есепке алу деректерінен алынған МОҚ санаттары есепке алынбай орман иелену бойынша тұтас енгізіледі.
Басым тұқымдылар ___________________________________________________
алқап, мың гектар;
қор, мың текше метр;
құны, мың теңге
Өзгерістер енгізілген күн Тұқымды бойынша барлығы оның ішінде жас топтары бойынша
жас талдар
алқап қор бағалау құны алқап қор бағалау құны
1 2 3 4 5 6 7
01.01.2014
01.01.2015 2014 жылғы өзгерістер
01.01.2015 2015 жылғы өзгерістер және сол сияқты
кестенің жалғасы
оның ішінде жас топтары бойынша
орта жастағылар пісіп келе жатқандар піскен және көнергендер
алқап қор бағалау құны алқап қор бағалау құны алқап қор бағалау құны
8 9 10 11 12 13 14 15 16
5-бөлім. Облыс (республика) ормандарының
ведомстволар мен меншік нысандары бойынша бөлінуі
Бөлімде қоса беріліп отырған кестеге сәйкес облыс (республика бойынша облыстар) бойынша орман иеленушілерінің 3 және 4-бөлімдерден алынған облыс (республика) бойынша барлық, сондай-ақ ведомстволық тегі мен меншік нысандары бойынша жиынтық мәліметтер енгізіледі.
Облыс, республика ___________________________________________________
алқап, мың гектар
Өзгерістер енгізілген күн Орман қорының жері,
барлығы Мемлекеттік орман қоры жерлерінің ведомостволық бағыныстылығы бойынша бөлінуі сондай-ақ жекеше орман қоры*
ҚР АШМ Орман шаруа-шылығы және жануар-лар дүниесі комитеті Министрлік-тер мен ведомстволар Облыстық әкімдіктер республикалық маңызы бар қалалар,астана әкімдіктері жекеше орман қоры
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Ескертпе: * - министрліктер, ведомстволар, облыстық әкімдіктер, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдіктері, облыс және республика аумағындағы дара тұлғалар қарауындағы орман қоры туралы мәліметтер енгізіледі;
ҚР АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің.
Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Орман иеленушінің шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша есептік кезеңдегі мемлекеттік орман қорының құрамындағы өзгерістер туралы мәліметтер
1-кесте
Мемлекеттік орман қорының санаттар бойынша алқаптары және орман иеленушіні
басқару құрылымы туралы мәліметтер
Орман иеленуші ______________________________________________________
Құрылымдық бөлімшелердің атауы
(филиал, орманшылық) жалпы Алқабы, мың гектар
оның ішінде мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша
Мемлекеттік орман қоры санатының атауы
1 2 3 4 5
Жиыны
2-кесте
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану түрлері туралы мәліметтер
Орман иеленуші ____________________________________________________
Орман пайдалану түрлері Орман пайдаланушының атауы Бекітілген алқап, гектар
1 2 4
3-кесте
Есепке алу аралығындағы кезеңде болған мемлекеттік орман қоры алқаптарының
ағымдағы өзгерістері туралы мәліметтер
Орман иеленуші_______________________________________________
алқап, гектар
Жер беру, қабылдау үшін негіз (бұйрықтың, қаулының нөмірі және күні) Жер берген немесе қабылдаған жер пайдаланушының атауы Өзгерістер Мемлекеттік орман қорының жерлері ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілді
орман иелену құрамына қабылданды орман иелену құрамынан берілді
1 2 3 4 5
4-кесте
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сүрек қоры туралы мәліметтер
(жыл сайынғы өсімді қосқанда)
Орман иеленуші _________________________________________________
қор, мың текше метр
Жалпы Олардың толысқаны және көнер гені Жалпы қордан
қылқан тұ-қымдылар олардың то-лысқаны және көнергені қатты жапырақты тұқымдылар олардың толысқаны және көнергені жұмсақ жапырақты тұқымдылар олардың то-лысқаны және көнергені
1 2 3 4 5 6 7 8
5-кесте
Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде нақты дайындалатын сүрек туралы мәліметтер
Орман иеленуші ___________________________________________________
Кесу түрлері Тұқымдылар топтары Дайындау көлемі мың текше метр
есепті кеспеағаш нақты дайындалау есепті кеспеағаштың пайызы
1 2 3 4 5
6-кесте
Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде
ормандарды молықтыру және орман өсіру туралы мәліметтер
Орман иеленуші __________________________________________________
Іс-шаралар атауы Өлшем бірлігі Барлығы оның ішінде тұқымдылар бойынша
қарағай қайың сексеуіл және басқа тұқымдылар
1 2 3 4 5 6 7
7-кесте
Мемлекеттік орман қорындағы сүрек емес ресурстар туралы мәліметтер
Орман иеленуші ______________________________________________________
Ресурстардың негізгі түрлері Өлшем бірлігі Орташа жылдық қор Өткен жылы өндірілгені
биологиялық өндіруге болатын рұқсат беру құжаттары бойынша халықтың келу тәртібімен жиыны
1 2 3 4 5 6 7
8-кесте
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды күтіп-баптау мақсатында кесу туралы мәліметтер
Орман иеленуші ______________________________________________________
алқабы, гектар;
қор, мың текше метр
Күтіп-баптау мақса-тында кесу түрлері Басым тұқымды Күтіп-баптау мақсатында кесу жасындағы екпелер алқабы Күтіп-баптау мақсатында кесуді қажет ететін екпелер алқабы
1 2 3 4
Күтіп-баптау мақсатында кесуге белгіленгені
алқап Қор Қайталану мерзімі, жыл Жыл сайынғы алқап және кесу көлемі 1 гектарда кесілетін қор
жалпы кесілетін алқап қор текше метр ірік
теу пайызы
кесілетін өтімді кәделік
5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-02/163 бұйрығына 3-қосымша
Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Мемлекеттiк орман мониторингi орман қорын күзету, қорғау мен пайдалану және ормандарды молықтыру ормандардың биологиялық әралуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау саласын мемлекеттiк басқару мақсатында орман қорының жай-күйi мен қарқынын қадағалау, бағалау және болжау жүйесiн бiлдiредi.
3. Ормандардың мемлекеттік мониторингiн жүргiзудi осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырады.
2. Ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргізу тәртiбi
4. Мемлекеттік орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін ведомстволық тиесілігі бойынша орман қорында болған өзгерiстер туралы мәлiметтердi орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – Аумақтық бөлімшелер) және орман шаруашылығымен айналысатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелеріне (бұдан әрі – Құрылымдық бөлімше) бередi.
5. Аумақтық бөлімшелер мен Құрылымдық бөлімшелер ормандардың мемлекеттік мониторингі бойынша материалдар дайындап, оларды есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін мемлекеттік орман орналастыру ұйымына береді.
6. Аумақтың қамтылуына байланысты ормандардың республикалық, өңірлiк және жергілікті мемлекеттiк мониторингі жүзеге асырылады:
1) республикалық – Қазақстан Республикасы орман қорының бүкіл аумағын қамтиды;
2) өңiрлік – физика-географиялық, әкiмшілік, орман-өсiмдiк, орман-экономикалық шекаралармен шектелген аумақтарды қамтиды;
3) жергілікті – орман қорының жекелеген учаскелерiне дейiн өңiрлiк деңгейден төмен аумақтық объектілерде жүргiзіледi.
7. Ормандардың мониторингi:
1) мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша жүйелi қадағалауды орындау (iздестіру, таспаға түсiру, тексеру, түгендеу);
2) орман қорының жай-күйiне бағалау жүргізу;
3) орман қорының жай-күйiне болжам жасау жөнiндегi жұмыстарды қамтиды.
8. Ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу үшiн:
1) қашықтықтан зондтау;
2) орман қорының мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк орман кадастрының;
3) орман орналастырудың;
4) қор деректерiнiң (жоспарлардың, карталардың, схемалардың, кестелік және басқа да материалдардың);
5) табиғи зерттеулер мен iздестірулердiң материалдары пайдаланылады.
9. Орман қорының жай-күйiн бағалау жүргiзiлетiн қадағалауды талдау, өзгерiстердiң бағыты мен қарқындылығын зерделеу арқылы орындалады.
10. Мемлекеттік орман орналастыру ұйымы ормандардың мемлекеттік мониторингінiң нәтижелерi бойынша орман қорының жай-күйi туралы түсіндірме жазбаны жасайды және есепті жылдан кейінгі 1 маусымға дейін картографиялық материалдармен диаграммаларды қоса бере отырып, облыстық орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосына береді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-02/163 бұйрығына 4-қосымша
Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің (бұдан әрі – Орман кодексі) 13-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттiк орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргiзу тәртiбiн регламенттейдi.
2. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыру осы Қағидаларға және «Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 17-02/566 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8181 нөмірмен тіркелген) (бұдан әрі – Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығы) сәйкес бірыңғай жүйе бойынша орындалады.
3. Орман ресурстарын есебін жүргізумен, орман қорын аумақтық орналастырумен, оның ішінде мемлекеттік орман қорының шекараларын белгілеумен, ормандарды мемлекеттік мониторингілеумен, орман шаруашылығын жүргізуді жоспарлаумен және орман пайдаланумен байланысты орман орналастыру мемлекеттік монополияға жатады және оны мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүзеге асырады.
4. Орман орналастыру жобаларында орман шаруашылығын жүргізудің және өткен ревизиялық кезеңде мемлекеттік орман қорын пайдаланудың кешенді бағасын, алдағы ревизиялық кезеңде жоспарланып отырған орман шаруашылығы іс-шаралары мен орман шаруашылығын ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі ережелерін қамтиды.
5. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) орман қорын қорғау, күзету, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласында басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы);
2) мемлекеттік орман орналастыру ұйымы – орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті органның қарауындағы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оның қызметі орман ресурстарының есебін, орман қорын аумақтық орналастыруды, ормандардың мемлекеттік мониторингін, орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалануды жоспарлауды қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргiзу тәртiбi
6. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыру жыл сайын белгіленген тексеру кезеңiнiң ұзақтығын ескере отырып, мемлекеттiк орман иеленушілердiң орман орналастыру жобаларының уақтылы жаңартылып тұруын қамтамасыз ететiн көлемде жүргiзіледi.
7. Мемлекеттік орман орналастыру ұйымы мемлекеттік орман қоры аумағында:
1) дайындық жұмыстары жүргізілетін жылы табиғи-климаттық, орман өсiмдiктерi мен орман экономикалық шарттардың ерекшелiктерiн қорытындылайтын, орман шаруашылығын жүргiзу қағидаттарын, орман бағалаудың нормативтiк-анықтамалық материалдарын iрiктеп алып, орман шаруашылығы iс-шараларын жобалау ерекшелiктерiн негiздейтiн облыстың (өңiр), республикалық маңызы бар қаланың, астананың орман шаруашылығын жүргізудің негізгі ережелерін әзірлейді;
2) облыс (өңiр), республикалық маңызы бар қалалар, Астана қаласы бойынша жиынтық орман орналастыру материалдарын жасайды, сондай-ақ орман қорының тиiсті тақырыптық карталарын дайындайды;
3) қашықтықтан белдемдеу материалдарын, компьютерлiк технологияларды пайдалану, геоақпараттық жүйелердi енгiзу негiзiнде орман ресурстарын есепке алуды жүргізудің жаңа технологиялары мен әдiстерiн әзiрлейді;
4) мемлекеттiк орман иелену аумағындағы дәрi-дәрмектiк және техникалық шикiзат ресурстарын анықтайды;
5) мемлекеттiк орман кадастрын, орман қорын мемлекеттік есепке алуды және ормандардың мемлекеттік мониторингiн жүргiзуді жүзеге асырады;
6) орман өрт сөндіру станцияларын орналастыру және олардың түрі бойынша ұсыныстар әзірлейді;
7) таксациялық сипаттамаларға ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жобаланып отырған орман ресурстары туралы белгілер қояды және олардың шекарасын картографиялық материалдарға түсіреді;
8) уәкілетті орган ведомствосының орман орналастыру жобасының құрамында бекітуі үшін орманшылықтар мен (немесе) мемлекеттік орман иеленуші бойынша есептік кеспеағашты айқындайды.
8. Орман орналастыруға тиiс объектiде орман орналастыру жұмыстары үш жыл бойы жүргiзiледi және мынадай үш кезеңнен тұрады:
1) әзiрлiк кезеңi (1-жыл) – жұмыстар далалық орман орналастыру жұмыстарының алдындағы жылы жүргiзiледi, бұл ретте ұйымдық-техникалық сипаттағы мәселелер шешіледi және орман орналастырылуы тиiс аумақтардың аэрофотосуретке түсiрiлуi жүргiзіледi;
2) далалық кезең (2-жыл) – орман орналастырудың жердегі және дистанциялық әдiстерi қолданылып, орман орналастыру объектiсiнде мемлекеттiк орман қорын түгендеу жүргiзiледi;
3) камеральдық кезең (3-жыл) – далалық кезеңде алынған ақпаратты камеральдық өңдеу жүргiзіледi, орман орналастыру жобасы әзiрленедi.
9. Орман орналастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде аэрофотосуретке түсiру және ғарыштық түсірілім материалдары техникалық негiз болып табылады.
Далалық орман орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылатын аэрофотосуреттер мен ғарыштық түсірілім деректерінің мерзімі 3 жылдан аспайтын уақытқа белгіленеді.
10. Орман орналастыру жобасы әзiрленіп жатқан тексеру кезеңiнiң ұзақтығы орман шаруашылығын жүргiзудiң қарқындылығына, сондай-ақ мемлекеттiк орман иеленушілерiне жүктелген мiндеттерге байланысты және Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығымен айқындалады.
11. Тексеру кезеңi аяқталып, мемлекеттiк орман иелiгiнiң аумағында жаңа орман орналастыру жобасы күшiне енбеген жағдайда:
1) өртке қарсы iс-шаралар тексеру кезеңiнiң соңғы жылына белгіленген көлемде орындалады;
2) орманды санитариялық мақсатта кесудi қоса алғанда, орман қорғау iс-шаралары мемлекеттiк орман иеленушiлер немесе осы салада мамандандырылатын ұйымдар жүргiзетiн орман-патологиялық зерттеулердiң материалдары бойынша айқындалатын көлемде ормандардың санитарлық жай-күйiне байланысты орындалады;
3) ормандарды молықтыру және орман өсiру жөнiндегi iс-шаралар тексеру кезеңiнiң соңғы жылына, ең алдымен ағаш кесілiмдерi мен өртеңдерге белгіленген көлемде орман дақылдары қорының бар-жоғына байланысты орындалады;
4) орманды күтiп-баптау мақсатында кесу оны тексеру кезеңiнiң соңғы жылына белгіленген көлемде жүргiзудi қажет ететiн, екпелердiң арасынан өспей қалған немесе ағаштардың басты тұқымдыларының өсуiне кедергi келтiретiн ағаштарды екпелерден аластатуды талап ететiн екпелердiң бар-жоғына байланысты орындалады;
5) басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемі шегінде жүргiзіледi;
6) осы Қағидалардың 11-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілмеген орман пайдаланудың қалған түрлерi орман орналастыру жобаларына сәйкес жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттік орман иеленушілер Орман кодексінің 26-бабының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастырудың жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 18 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11387 болып енгізілді.